26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жалған өнімді анықтады 

14 июня 2016 Просмотры: 1 967
Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті жалған өнімді анықтады 
Алматы. 14 маусым. Ақпараттар орталығы. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 14 қазақстандық кәсіпорынның өнімдерінен мал майының орнына өсімдік майларын қолданғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомство жалған сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар тізімін жариялады: 

1. «Бурный сүт компаниясы» ЖШС: - майлылығы 2,5%, 3,2% және 6%-ті «Бурный» сүті. 

2. «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС: - 15%-ті қаймақ, майлылығы 45% «Костромской» ірімшігі. 

3. «Адал» АӨКАҚ: - 2,5%, 3,2%, 6%-ті «Адал» сүті, 10%-тік «Адал» кілегей, 15%-тік «Молочный мир» қаймағы.

4. «GSK Laktis Ltd» ЖШС: - майлылығы 15%-ті қаймақ.

5. «Үштөбе Айдын» ЖШС: - майлылығы 2,5%-ті сүт. 

6. «JLC- СҮТ» ЖШС: - 2,5% және 3,2%-ті табиғи сүт, 2,5% және 3,2% «Свежий продукт» айраны, балғын сиыр ірімшігі, майлылығы 15%, 20% қаймақ. 

7. «Агрофирма-Тау» ЖШС: - 3,2%-ті ішетін сүт, майлылығы 2,5%-ті қою айран 

8. «Сайрам сүт» ЖШС: - майлылығы 20%-ті «Сайрам сүт» қаймағы 

9. «Алтын Дән» ЖШС: - 1%-ті «Алтын Дән» айраны

10. «Ростан» ЖШС: - балқытылған ысталған шұжықты ірімшік. 

11. «Арлан» ЖШС: - 2,5%-ті сүт, 2,5%-тікефир,2,5%-тійогурт, майлылығы 72,5%-ті крестьянский майы. 

12. «Ozalp Sut» ЖШС: - майлылығы 3 %-ті йогурт. 

13. «Emile Companу» ЖШС: - 40 %-ті «Сулугуни» ірімшігі, майлылығы 10 %-ті «Dieta» термизилденген сүзбе өнімі. - майлылығы 2%, 15%-ті «Одари» майлы емес сүзбе. 

14. «Нәтиже сүт фабрикасы» ЖШС: - 2,5%, 3,2%-ті сүт, 4,5%-ті мейіз қосылған тәтті сүзбе массасы, 45%-ті «Брынза» тұздалған ірімшік, майлылығы 12%-ті тұздалған майлы құрт. 

Техникалық регламенттердің бұзылу фактілері бойынша Комитеттің аумақтық департаменттері сүт өнімдерін шығару және өткізу бойынша жосықсыз кәсіпорындарға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуде.